​Канадада ұшақ қону кезінде аударылып қалды: зардап шеккендер бар

0
176

Алдын ала деректер бойынша, ұшақта 80 жолаушы болған.


​Канадада ұшақ қону кезінде аударылып қалды: зардап шеккендер бар

Фото: кадр из видео

ERNUR.KZ. Торонто қаласында АҚШ-тан келген ұшақ апатқа ұшырады, қаза тапқандар туралы ақпарат жоқ, деп жазады inform.kz.
Канаданың Торонто әуежайында дүйсенбіде Миннеаполис қаласынан ұшып келген Delta Air Lines авиакомпаниясының Bombardier ұшағы қону кезінде аударылып қалды.
Зардап шеккендер бар, бірақ қаза тапқандар туралы ақпарат жоқ.
Оқиға орнынан түсірілген фото мен видеоларда ұшақтың ұшу-қону жолағында аударылып жатқанын және өрт сөндірушілер ұшақты көбікпен сөндіріп жатқанын байқауға болады, бірақ лапылдаған жалын көрінбейді.
Жергілікті баспасөздің мәліметінше, апат салдарынан бір бала мен екі ересек жолаушының жағдайы ауыр, олар әртүрлі ауруханаларға жеткізілген.
Алдын ала деректер бойынша, ұшақта 80 жолаушы болған, қаза болғандар туралы ақпарат жоқ.