Ялунг-Ри — Непалдағы Ролвалинг аңғарында орналасқан, биіктігі 5630 метр болатын тау шыңы.
Сурет: Phurba Tenzing Sherpa
ERNUR.KZ. 2025 жылғы қарашада Непалдағы Ялунг-Ри тауында қар көшкінінен қаза тапқан төрт альпинистің, оның ішінде италиялық-канадалық гид Марко Ди Марчеллоның сүйегі тоғыз айдан кейін Катмандуға жеткізіліп, отбасыларына тапсырылды, деп жазады zakon.kz.
Ялунг-Ри — Непалдағы Ролвалинг аңғарында орналасқан, биіктігі 5630 метр болатын тау шыңы.
MOUNTAIN.RU жазуынша, 10 тамыз күні 2025 жылдың қарашасында Ялунг-Ри шыңында қар көшкінінен қаза тапқан төрт альпинистің сүйегі Непал астанасы Катмандуға жеткізілді.
Италиялық-канадалық гид Марко Ди Марчеллоның, италиялық Маркус Кирхлердің, неміс Якоб Шрайбердің және непалдық гид Мере Каркидің денелері Ролвалинг өңіріндегі На-Гаун ауданынан тікұшақпен эвакуацияланды. Құтқару операциясын үйлестіруді белгілі альпинист Пхурба Тензинг Шерпа өз мойнына алған.


