"Қараңғыда жарқырап тұрады": Әйел дүкеннен алған ерекше тауық етін көрсетті (фото)

0
841

Келіншек желідегі достарынан оның нендей құбылыс екенін, егер білетіндер болса, түсіндіріп беруін өтінеді.


ERNUR.KZ. Украинаның батыс аумағындағы Ивано-Франковск қаласының тұрғыны қараңғыда жылтырай жанып тұратын тауық етін сатып алыпты. Ол бұл жаңалығын Facebook желісіндегі парақшасында бөліскен, деп жазады Azattyq Rýhy.

Елена Заславсканың айтуынша, ол борщ пісіру үшін «Сильпо» дүкеніне арнайы барып, тауық тушасын сатып алған көрінеді.

«Еттің бір кесегін мысығыма беріп едім, ол жемеді. Түнде тұрып қарасам, ет сәуле шашып, жарқырап тұр екен!», - деп жазған украиндық келіншек желідегі достарынан оның нендей құбылыс екенін, егер білетіндер болса, түсіндіріп беруін өтінеді.

Ол сондай-ақ, саусағына жағылып қалған тауық майының да қараңғыда жылтырап тұрғанын айтады. Келіншек ол еттен борщ әзірлеп үлгергенін, бірақ еттің ерекше болғанына қарамастан, тамағының дәмді болғанын айтады.

Алайда тұрғынның осы жайтты түсіндіріп беруі туралы өтінішін «Сильпо» дүкендер желісінің баспасөз қызметі жауапсыз қалдырыпты.