Ресей ТЖМ-нің Дағыстан Республикасы бойынша бас басқармасы "Макс" мессенджерінде жоғалған адамдардың балықшылар болғанын нақтылады.
Фото: primeminister.kz
ERNUR.KZ. 20 қазанда Дағыстанда Каспий теңізінің Сулак өзені сағасынан оңтүстік-шығысқа қарай қайық аударылып, екі адам суға құлап кеткен, деп жазады zakon.kz.
Gazeta.ru басылымының жазуынша, жоғалған адамдарды іздеуге ТЖМ-нің 28 қызметкері мен 12 арнайы техника жұмылдырылған.
Іздеу жұмыстары барысында Каспий теңізінен ер адамның денесі табылды. Оның бойынан тіршілік белгілері байқалмаған. Қазіргі уақытта марқұмның жеке басы анықталып жатыр.
Ресей ТЖМ-нің Дағыстан Республикасы бойынша бас басқармасы "Макс" мессенджерінде жоғалған адамдардың балықшылар болғанын нақтылады. Екінші адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Оқиғаның себептері әзірге жарияланған жоқ.


