Қазақстандық әйел ұлының мойынын ауыр жарақаттап, кейін өзіне қол салмақ болған.
Иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
ERNUR.KZ. Кипр қаласында қазақстандық әйел 12 жастағы баласын өлтірді, деп жазады Qamshy.kz.
Жаға ұстатарлық оқиға 29 тамызда орын алған.
Қазақстандық әйел ұлының мойынын ауыр жарақаттап, кейін өзіне қол салмақ болған. Дегенмен дәрігерлер әйелге жедел түрде операция жасап, аман алып қалған. Алайда 12 жастағы бала тілге келмей қайтыс болыпты.
Әйелдің 52 жастағы грек-кипрлік күйеуі әрі баланың өгей әкесі полиция қызметкері болып жұмыс істейді екен. Ол үйіне келгенде есік іштен жабылғандықтан үйіне кіре алмаған. Кейін ер адам көмекке өрт сөндіру қызметін шақырған. Терезе арқылы кіріп, еденде қансырап жатқан әйелін көрген. 12 жастағы бала төсекте жатқан. Оның тамағына пышақ ұрған.
Әйелді психиатр қараған, оны Athalassa психемдеу клиникасына жіберген, кейін ол адам өлтіргені үшін сот алдында жауап беретін болады.
Полиция мәліметінше, әйелдің денсаулығы сыр берген.