Қазан қаласында мектепке шабуыл жасаған Галявиев қамауға алынды

0
744

​Сот үкімін ешбір эмоциясыз тыңдаған Галявиев өзі өлтірген балалар туралы БАҚ өкілдерінің сұрағын жауапсыз қалдырды.


Қазан қаласында мектепке шабуыл жасаған Галявиев қамауға алынды

ERNUR.KZ. Қазан қаласындағы мектепке шабуыл жасады деп айыпталған Галявиев қамауға алынды, деп жазады sputniknews.kz.

Сот оған екі айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануға шешім шығарды. Оның 17 рет оқ атқаны және кеңсе алдына қолдан жасалған бомба орнатқаны анықталды.

"Ильназ Галявиев өз кінәсін мойындап, айыптау және қамауға алу туралы үкімге қарсы уәж айтқан жоқ", – деді тергеуші.

Ол мұндай үкім оқылғанда ешбір эмоцияға бой алдырмады.

Ал прокурор мектепке шабуыл жасаған Галявиевтің сыбайластары болмағанын растады және оған қатысты терроризм бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс әлі қаралмағанын атап өтті.

Айта кетейік, Ильназ Галявиев Қазан гимназиясында болған атысқа байланысты айып тағылып отыр. Сот процесінен кейін өзі өлтірген балалар туралы сұраған журналистердің сұрағына ол жауап берген жоқ.

"Галявиевке кісі өлтіру бабы бойынша айып тағылды", – деді тергеуші.