Қолын сындырған: бұрынғы әйеліне қол көтерген басбұзар түрмеге тоғытылды

0
97

Ерлі-зайыптылар ажырасқаннан кейін қайта қосылып, бір үйде тұрған.


Қолын сындырған: бұрынғы әйеліне қол көтерген басбұзар түрмеге тоғытылды

фото: Sputnik / Тимур Батыршин

ERNUR.KZ. Жамбыл облысында бұрынғы әйелінің қолын сындырған ер адам бір жылға бас бостандығынан айырылды, деп жазады sputnik.kz.

Сот материалдарына сәйкес, ерлі-зайыптылар ажырасқаннан кейін қайта қосылып, бір үйде тұрған.
"Былтыр екеуінің арасында тұрмыстық жанжал шыққан. Сол кезде сотталушы әйелін бірнеше рет бетінен ұрған. Есінен танып қалған жәбірленушінің қолын да сындырған", - делінген соттың хабарламасында.
Әйел медициналық көмекке жүгінбекші болғанда тағы жанжал шыққан. Сотталушы оның ар-намысына тиетін сөз айып қорлаған.
Бұған дейін қалалық сот басбұзарды 1 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарған. Ол сот актісін даулап, өзін ақтауды сұраған. Апелляциялық алқа іс материалдарын зерттеп, бірінші сатыдағы үкімді өзгеріссіз қалдырды. Сот актілері заңды күшіне енді.