Харьковта жарылыс болды

0
455

Тереховтың Telegram-арнасында жарияланған мәлімет бойынша жарылыс "Северная Салтовка" жақта болған.


Харьковта жарылыс болды

ERNUR.KZ. Харьков қаласынының мэрі Игорь Терехов өзінің Telegram-арнасында аудандардың бірінде жарылыс болғанын мәлім етті, деп жазады sputnik.kz.

Украина цифрлық трансформация министрлігінің онлайн-картасына сәйкес, Мәскеу уақытымен сағат 10:52-де Харьков облысында екі сағаттан бері әуе дабылы соғып тұрған.
Тереховтың Telegram-арнасында жарияланған мәлімет бойынша жарылыс "Северная Салтовка" жақта болған. Кейіннен қала басшысы жарылыстың Харьковтың маңында болғанын нақтылады.
Айта кетері, бұған дейін Харьков облысында жойқын жарылыс болды. Сол кезде Украина қарулы күштерінің техникасы мен жеке құрамы жиналған жерге соққы жасалды.