Вирус жұқтырғандардың бірі Италияда, екіншісі Дубайда болған.
ERNUR.KZ. Үндістанның екі тұрғыны коронавирус жұқтырды, деп жазады Тengrinews.kz.
Вирусты жұқтырғандардың бірі таяуда Италияда болса, екінші Дубайда болып қайтқан. Сондай-ақ, тағы бір адамның коронавирус жұқтырған болуы мүмкін екені айтылады.
"Дәрігерлер сараптама алған. Нәтижесі вирустың барын көрсеткен, алайда олар сараптаманы қайта тексеруге жіберген. Қазіргі уақытта вирус жұқтырғандар карантинге жатқызылуы керек", - дейді дереккөз.