Коронавирустан өлім қаупі артуы мүмкін кезең айтылды

0
480

Министр коронавирустан емдеген науқастарды медициналық тексеруден өткізу үшін қазірдің өзінде тізімдер жасалғанын айтты.


Коронавирустан өлім қаупі артуы мүмкін кезең айтылды

ERNUR.KZ. Өлім қаупі коронавирус жұқтырып, аурғаннан кейін алты ай ішінде күрт артуы мүмкін. Бұл туралы Ресейдің денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко мәлімдеді, деп жазады Tengrinews.kz.

"Мысалы, адам коронавирусты өткерді дейік, әсіресе қарт адам. Коронавирус жұқтырып, ауырғаннан кейінгі келесі алты айда өлім қаупі күрт артады", - деді Мурашко "Россия 24" арнасына берген сұхбатында.

Ол коронавирустан емдеген науқастарды медициналық тексеруден өткізу үшін қазірдің өзінде тізімдер жасалғанын айтты.

Айта кетейік, бұған дейін COVIDSurg Collaborative халықаралық ынтымақтастығына енген қазақстандық ғалымдар Гиннестің рекордтар кітабына енгізілгені туралы хабарланған болатын. Зерттеуге 116 елдің өкілдері қатысқан. Олар пандемия кезінде операцияға мұқтаж науқастарға қажетті мәліметтерді жинаған. Олар коронавирус инфекциясын жұқтырғандарға кемінде жеті апта бойы операция жасамау дұрыс деген қорытындыға келген.