Коронавирусты бір секундта жоюдың әдісі табылды

0
605

Бұл әдісті қолданыстағы ауа баптау, желдету және жылыту жүйелерінде қолдануға болады.


Коронавирусты бір секундта жоюдың әдісі табылды

ERNUR.KZ. Техас A&M университетінің ғалымдары SARS-CoV-2 коронавирусын жоғары температурада 1 секундта өлтіру жолын тапты. Бұл патогеннің ұзақ қашықтықта жұғуының алдын алуға мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелері Biotechnology and Bioengineering журналында жарияланды, деп жазады Stan.kz.

COVID-19-ды бейтараптандыру үшін жылуды қолдану тиімділігі бұрын да дәлелденген, бірақ алдыңғы зерттеулерде температураның әсері бір минуттан 20 минутқа дейін созылды.

Мамандар құрамында коронавирус бар ерітінді өтетін тот баспайтын болаттан жасалған құбыр бөлігінен тұратын жаңа эксперименттік қондырғы жасады. Құбыр жоғары температураға дейін қызады, бірақ вирус бір секунд ішінде жылу әсерін сезеді.

Белгілі болғандай вирусты бұрын ойластырылғаннан әлдеқайда қысқа уақыт ішінде залалсыздандыру мүмкін. Егер ерітінді шамамен жарты секунд ішінде 72 градусқа дейін қыздырылса, онда вирус титрі жүз мың есе азаяды, бұл вирусты бейтараптандыруға және адамға берілуінің алдын алуға жеткілікті.

Бұл әдісті қолданыстағы ауа баптау, желдету және жылыту жүйелерінде қолдануға болады.