Тәжірибе барысында коронавирус инфекциясының адамнан адамға таралу жылдамдығы көрсетілді.
ERNUR.KZ. Жапонияның NHK телеарнасы ерекше тәжірибе жүргізді, деп жазады Tengrinews.kz.
Тәжірибе барысында коронавирус инфекциясының адамнан адамға таралу жылдамдығы көрсетілді.
Журналистер мен инфекционист маман мейрамханада кез келген адамның басында болуы мүмкін жағдайды алған. Тәжірибеге 10 адам қатысқан. Қатысушылардың біреуінің қолына сұйықтықты жағып, оған сәуле түсірген. Бұл індет жұқтырған адам болып саналыпты.
Ол қолына жөтелген соң басқалары швед үстеліндегі ыдыстарды ала бастаған. Жарты сағаттың ішінде қатысушылардың әрқайсының терісінде көрінбейтін бояудың дақтары пайда болды. Ал үш адамда вирус бетінен табылды. Сондай-ақ, ыдыс-аяқтарда бояу пайда болған.
Осылайша, тәжірибе авторлары вирустың адамнан адамға таралауы тіпті жақын қарым-қатынас жасамаса да болуы мүмкін екенін анықтады.
クルーズ船で感染拡大を招いたとされる接触感染がどのようにして起きるのか、NHKが専門家と共同で実験を行ったところ、ウイルスに見立てた塗料は多数の人が触るものを介して広がることが確認されました。https://t.co/exeyyRXQiD pic.twitter.com/NCHGyJyXRw
— NHKニュース (@nhk_news) May 8, 2020