Коронавирустың үшінші толқыны басталды - вирусолог

0
543

Кейбір аймақта эпидемия салдарынан көп адам қайтыс болуы мүмкін, - деді маман.


Коронавирустың үшінші толқыны басталды - вирусолог

ERNUR.KZ. Дүние жүзінің бірнеше елінде коронавирустың үшінші толқыны басталды. Бұл туралы Новосібір мемлекеттік университетінің жаратылыстану ғылымдары факультетінің Биотехнология және вирусология зертханасының меңгерушісі Сергей Нетесов URA.RU агенттігіне берген сұхбатында айтты, деп жазады Tengrinews.kz.

"Коронавирустың үшінші толқыны бірнеше елде басталды. Мысалы Израильде. Бізде де (Ресейде - еск.) болуы мүмкін. Одан еш әрекет етпей құтылып кету мүмкін емес", - дейді ғалым.

Вирусолог пандемияның келесі кезеңінің қандай болатыны адамдарға байланысты екенін айтады. Тұрғындардың жауапсыздығынан үшінші толқын соңғы кезең болмауы да мүмкін.

"Бәрі адамдардың өзін ұстауымен байланысты. Егер олар маска тақпаса немесе оны дұрыс тақпаса және басқа да сақтық шарасын ұстанбаса, бұл үшінші, төртінші, бесінші толқынның басталуына әкелуі мүмкін", - дейді профессор.

Бұған дейін Ресейдегі кейбір аймақтағы коронавирустың үшінші толқыны туралы вирусолог Александр Лукашев та ескерткен болатын.

"Кейбір аймақта эпидемия салдарынан көп адам қайтыс болуы мүмкін", - деді маман "Известия" басылымына.

Джонс Хопкинс атындағы университет мәліметі бойынша, дүние жүзінде коронавирус жұқтырғандар саны 44 229 969-ға жеткен. 1,1 миллионнан аса адам қайтыс болған, 29 877 637 адам аурудан айыққан.