Бұл туралы алғашқылардың бір болып South China Morning Post (SCMP) басылымы хабарлады.
Фото: Дзен
ERNUR.KZ. Бір қызығы, аталған идеяны балалары "мектепке барғысы келмеген" ата-аналар ұсынған, деп жазады inbusiness.kz.
Осылайша, жұмысқа барғысы келмейтіндерді емдейтін клиника қызметкерлері тұрғындарға мазасыздық, депрессия және шаршау сияқты мәселені жеңуге көмектеседі.
– Бұл сыртқы белгілер көбіне күрделі психологиялық немесе әлеуметтік факторлардан туындайды. Біздің міндетіміз – маман ретінде осы себептерді анықтап, жүйелі түрде бағалап, диагноз қойып, емдеу мен қолдау көрсету, – деді клиника басшысы Юэ Лиминь.
Әлеуметтік желі қолданушылары бұл бастаманы әуелгіде әзіл ретінде қабылдаған. Бір оқырман "Бұл клиниканы ойлап тапқан адам – нағыз данышпан!" деп жазса, енді бірі "Клиникаға кіресің де, ешқандай дәрігер көрмейсің, себебі олар да жұмысқа келгісі келмейді" деп қалжыңдаған.
Осыған дейін отандық БАҚ-та Қытайда Альцгеймер ауруын емдеуге арналған эксперименттік хирургияға тыйым салынғаны белгілі болған еді.