Круассан жеп жарысқан боксшы қайтыс болды

0
1 228

Круассанды жеу барысында қақалып қалған. Жеген тағамы тыныс алу жолдарын бітеп тастаған


Круассан жеп жарысқан боксшы қайтыс болды

ERNUR.KZ. Бокстан әлем чемпионы атағына үміткер болған Марио Мело круассан жеуден жарысып көз жұмған, деп жазады 24.kz.

Мело Аргентинаның Пинамар қаласында өткен жарысқа қатысқан. 56 жастағы бұрынғы боксшы круассанды жеу барысында қақалып қалған. Жеген тағамы тыныс алу жолдарын бітеп тастаған спортшыға көмек көрсетілсе де, құтқару мүмкін болмаған.

Марио Мело 1990 жылы жартылай ауыр салмақта Майкл Мурерге қарсы чемпиондық титулына жекпе-жек өткізген. Аргентиналық боксшы кәсіпқой бокста 30 рет шаршы алаңға шығып, 21-інде жеңіске жеткен.

Мело Аргентина чемпионы және Оңтүстік Америка чемпионы титулдарын иеленген.