Күніне 150 ота жасайды: Пышақпен емдейтін емші коронавирустан қорғайтын екі "дәріні" атады (видео)

0
1 025

Ол – дәрігерлер емдей алмаған кеселді жазған шипагер ретінде айналасына танымал.


Күніне 150 ота жасайды: Пышақпен емдейтін емші коронавирустан қорғайтын екі

ERNUR.KZ. Кубада мачете, яғни ұзын пышақпен емдейтін емші бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Хорхе Голиат көптеген адамды дертінен жазған. Ол –дәрігерлер емдей алмаған кеселді жазған шипагер ретінде айналасына танымал. Ал пышақпен күніне 100-150 операция жасайды. Кубалық азамат осы кәсіппен 30 жасынан бері айналысады. Оған әруақтар аян берген. Содан бері мыңдаған адам емшіге қаралып, дертінен құлан-таза айыққан.


- Мен дертіне шипа іздеп келген адамдарды кері қайтармаймын. Себебі еліміздегі жағдай ауыр. Оның үстіне коронавирустан халық көп зардап шегіп жатыр. Бұл кеселмен күреске бар күшімді саламын. Коронавирустан қорғану үшін камфораны. Оның иісін ауық-ауық иіскеп тұрыңыз. Бұл вирустан сақтануға көмектеседі. Сонымен бірге, мүмкіндігіңіз болса ром ішіңіз. Сонда коронавирус сізге жұқпайды - деді емші Хорхе Голиат.


- Бастапқыда Голиаттың емдеу әдісін естігенде бойыңызды сенімсіздік билейді. Бірақ ол дәрігерлер сізге не дегенін дөп басып айтқанда бүкіл күмәніңізден арыласыз, - дейді жергілікті тұрғын Леонид Лара.