Күзде Қырғызстанда коронавирустың қатты мутацияланған штамы күтіледі

0
710

Елде қазіргі кезде коронавирус инфекциясының мутацияланған 5 штамы бар.


Күзде Қырғызстанда коронавирустың қатты мутацияланған штамы күтіледі

ERNUR.KZ. Биылғы күзде Қырғызстанда COVID-19 коронавирус инфекциясының қатты мутацияланған штамы пайда болатыны күтіледі. Бұл туралы Парламент отырысында Қырғызстанның Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Алымқадыр Бейшеналиев мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, эпидемиялогиялық ахуалдың нашарлау ықтималдылығына байланысты қазір төсек орындар мен медицина қызметкерлерін дайындау жүргізілуде.

«Елде қазіргі кезде коронавирус инфекциясының мутацияланған 5 штамы бар. Дегенмен олар аса ауыр жағдай туғызып жатқан жоқ. Сонымен қатар біздің дәрігерлер мен ғалымдар бұл індет ахуалын бақылауда, түрлі конференциялар өткізуде», - деді ол.