БАҚ-тың жұмысын тоқтатуға шешімді Қырғызстан мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігі қабылдаған.
ERNUR.KZ. Қырғыз-тәжік арасындағы қақтығыстан кейін ресми Бішкек "Азаттық Медиа" сайтының жұмысын екі айға тоқтатты, деп жазады Экспресс К.
БАҚ-тың жұмысын тоқтатуға шешімді Қырғызстан мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігі қабылдаған.
Министрлік "Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы ауыр шайқас" атты сюжетте "қырғыз жағының Тәжікстанға "шабуылдағаны" жөнінде "тексерілмеген ақпарат бар" дегенді алға тартып отыр.Сонымен қатар"қоғамдағы ахуалды ушықтыруы мүмкін, жеккөрініш тудыратын, қоғамды ыдыратуы мүмкін ақпараттар жарияланған".
Азат Еуропа/Азаттық радиосының президенті Джейми Флай жазылған мақала барлық халықаралық талаптарға сай деп мәлімдеді.
Human Rights Watch халықаралық ұйымы Қырғыз билігінің Азаттық-Медиа сайтына тосқауыл қойғанын сынады. Ұйымның Орталық Азиядағы зерттеушісі Сыйнат Сұлтаналиева Қырғызстан тәуелсіз БАҚ-ты қолдауы керектігін жеткізді.
Қақтығыс кезінде екі тарапқа да сөз беру — журналистиканың басты талабы. Осы негізде Азаттықты бұғаттау Қырғызстандағы цензураның және еркін журналистикаға бақылаудың күшейгенінің белгісі, - деді ол.
Соңғы уақытқа дейін Қырғызстан сөз бостандығы рейтингі бойынша Орталық Азиядағы ең жоғары орында тұрған. Көрші ел пікір плюрализмімен ерекшеленіп келді. 2022 жылы Қырғызстан сөз бостандығы бойынша әлемдік рейтингте жеті сатыға көтеріліп, 72-орынға тұрақтаған. Ал Қазақстан 122, Ресей 155-орында.