«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Отырар ауданына келді

0
101

Жалпы саны 832 тұрғын медициналық көмек алды.


«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Отырар ауданына келді

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Отырар ауданына келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Отырар ауданының Темір станциясына аялдады. Таңертеңнен бастап тұрғындар дәрігерлердің қабылдауына белсенді түрде келіп, тегін медициналық тексеруден өтуде. Бүгінгі таңда ересектерден 488 адам, балалардан 344 бала қабылданды. Жалпы саны 832 тұрғын медициналық көмек алды.


Медициналық пойыз заманауи диагностикалық жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Мұнда терапевт, хирург, педиатр, невропатолог, кардиолог, гинеколог, стоматолог, офтальмолог, ЛОР, психолог және басқа да мамандар қабылдау жүргізіп жатыр. Тұрғындарға ЭКГ, УДЗ, рентген, маммография және зертханалық талдаулар сияқты диагностикалық қызметтер көрсетілуде. Барлық тексерулер мен дәрігерлік кеңестер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеңберінде тегін жүргізіледі.


Қажет болған жағдайда шағын хирургиялық операциялар жасалып, жоспарлы емдеуге жолдамалар беріледі. Үйден шыға алмайтын азаматтарға арналған мобильді дәрігерлік бригада да жұмыс істейді.


Медициналық пойыздың негізгі мақсаты – шалғай елді мекен тұрғындарының сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек алуына мүмкіндік жасау.

Бөлісу