Ыстықкөлдегі бірнеше ауылдың тұрғындары жерасты дүмпулерін сезді.
ERNUR.KZ. Ыстықкөл облысында эпицентрдегі күші 3,5 балдық жер сілкінісі болды, деп жазады sputnik.kz.
Сейсмология институтының мәліметінше, жерасты дүмпулері бүгін, 2 қазан сағат 00:05-те тіркелді.
Джеты-Огуз ауданының Дархан, Саруу, Кызыл-Суу, Жалгыз-Орук ауылдарында жер сілкінісінің күші 2,5 балды құрады.
Зардап шеккендер мен қирандылар жоқ.