Қырғызстанда бидай экспортына тыйым салынады

0
693

Тыйым салуды алты ай мерзімге енгізу ұсынылды.


Қырғызстанда бидай экспортына тыйым салынады

ERNUR.KZ. Қырғызстан бидайды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерлерге шығаруға уақытша тыйым салуды ұсынып отыр, деп жазады ҚазАқпарат.

Қырғызстанның Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, мораторий елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және азық-түлік тауарларының нарықтық бағасын тұрақтандыру мақсатында енгізіліп отыр. Реэкспорт, транзит, сондай-ақ Қырғызстан Республикасы Министрлер Кабинеті көрсететін ЕАЭО кедендік аумағынан тыс ауыл шаруашылығы тауарларының жекелеген түрлеріне көмекке тыйым салынбайды.

Тыйым салуды алты ай мерзімге енгізу ұсынылды.