Қырғызстанда енді маска тағу міндетті емес

0
551

Денсаулық сақтау министрлігіне мемлекеттік органдармен бірлесіп, 12 наурыздан бастап қолданыстағы алгоритмдер мен нұсқаулықтарға өзгерістер енгізу тапсырылды.


Қырғызстанда енді маска тағу міндетті емес

ERNUR.KZ. Қырғызстанда 12 наурыздан бастап қоғамдық көліктер мен денсаулық сақтау мекемелерінен өзге жерлерде маска тағу міндеттемесі алынып тасталды, деп жазады Stan.kz.

Ел үкіметі ЖОО-да, орта арнайы оқу орындарында және басқа да жалпы білім беру ұйымдарында, сауда орталықтарында, мейрамханаларда, дәмханаларда, қоғамдық тамақтану орындарында, базарларда, мұражайларда, спорт клубтарында, кітапханаларда оқушылар мен оқытушылар құрамына маска тағу міндеттелмейтінін мәлімдеді.

Денсаулық сақтау министрлігіне мемлекеттік органдармен бірлесіп, 12 наурыздан бастап қолданыстағы алгоритмдер мен нұсқаулықтарға өзгерістер енгізу тапсырылды.

Алайда денсаулық сақтау ұйымдарында (мемлекеттік, муниципалды және жеке), сондай-ақ, қоғамдық жолаушылар көлігінде міндетті түрде маска тағудың маңызы туралы айтылды.

COVID-19 және басқа да жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында адам көп жиналатын жерлерде, ірі сауда орталықтарында, базарларда маска режимін сақтау азаматтардың өз еркіне байланысты болады.

Айта кетейік, бұған дейін Еуропада коронавирустың жаңа штамы анықталғаны туралы хабарлаған едік. Жаңа штамға “дельтакрон” деген атау берілген.