"Қызыл" аймақта жұмыс істеу үшін кадрлар резерві құрылған, сондай-ақ COVID-19 жұқтырған науқастарды орналастыру үшін қосымша төсек-орын дайындалған.
ERNUR.KZ. Қырғызстанда коронавирустың үшінші толқыны жүріп жатыр. Бұл туралы денсаулық сақтау министрінің орынбасары Жалалидин Рахматуллаев баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп жазады Tengrinews.kz.
"Пандемия басталғаннан бері эпидемиологиялық ахуалдың екі рет өршігені байқалды: 2020 жылдың шілдесінде және қарашасында. Бүгінде 2021 жылдың сәуірінен бері инфекцияның үшінші толқыны жүріп жатқаны байқалады", - деді ол.
Министр орынбасарының айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігі эпидемиологиялық жағдайды бақылауда ұстауға дайын. "Қызыл" аймақта жұмыс істеу үшін кадрлар резерві құрылған, сондай-ақ COVID-19 жұқтырған науқастарды орналастыру үшін қосымша төсек-орын дайындалған.
Қырғызстанда коронавирус жұқтырудың алғашқы жағдайлары 2020 жылғы наурыза анықталған. Былтыр шілдеде күн сайын мыңнан аса инфекция жұқтырған жағдай тіркелген. Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясын жұқтарғандар саны 111 мыңнан асады. Елде COVID-19-дан 1,9 мыңнан аса адам қайтыс болған. 2021 жылдың маусымынан бастап елде күн сайын 500-ге жуық COVID-19 жұқтыру дерегі анықталған.