4 желтоқсанда Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында 3,6 балдық жер сілкінісі болған еді.
Скриншот Google Карта
ERNUR.KZ. Қырғызстанда жер сілкінісі болды, деп жазады tengrinews.kz.
Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясының сейсмология институтының мәліметінше, жерасты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша 05:41-де тіркелген. Магнитудасы 3,4 болатын жер сілкінісінің ошағы Ош және Жалал-Абад облыстарында болған.
Жерасты дүмпулерінің қарқындылығы:
- Орқазған, Қанжыға, Ақ-Терек, Жийде ауылдарында - 3 балға жуық;
- Салам-Алик және Көш-Етер ауылдарында - 2,5 балл.
Еске салайық, 4 желтоқсанда Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында 3,6 балдық жер сілкінісі болған еді. 2 желтоқсанда Маңғыстау облысында магнитудасы 4,2 болатын жер сілкінісі тіркелді