Қырғызстанда жоғары лауазымды полицей өлтірілді

0
560

Ол көп қан жоғалтып, қайтыс болған.


Қырғызстанда жоғары лауазымды полицей өлтірілді

ERNUR.KZ. Қырғызстанда Баткен облысында облыстық ІІБ бастығының орынбасары Асқарәлі Мұхамадиев қайтыс болды, деп жазады Tengrinews.kz.

Баткен облысы Ішкі істер басқармасының Facebook-тегі мәліметінше, 27 наурызда ауруханадан облыстық полиция басшысының орынбасары пышақ жарақатын алғаны туралы хабарлама келіп түскен. Белгісіз адамдар оны Honda Odyssey маркалы көлігімен әкелген.


Turmush порталының мәліметтері бойынша, Асқарәлі Мұхамадиев бұрын сотталған туысқанымен бірге болған. Олардың арасында жанжал туындаған. Сөйтіп, ер адам подполковникке бірнеше пышақ жарақатын салған. Нәтижесінде, ол көп қан жоғалтып, қайтыс болған.

Баткен облыстық ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі өкілі күдікті марқұмның 34 жастағы туысы екенін растады. Кейін Баткен облысының милициясы кісі өліміне қатысты күдіктіні ұстады.