Қырғызстандағы тәртіпсіздіктен зардап шеккендер саны мыңнан асты

0
448

Зардап шеккен 797 адам алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін амбулаториялық жағдайда емделуге жіберілген.


Қырғызстандағы тәртіпсіздіктен зардап шеккендер саны мыңнан асты

ERNUR.KZ. Қырғызстанда жаппай тәртіпсіздік кезінде зардап шеккендер саны 1002-ге жетті. Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрлігіндегілер мәлімдеді, деп жазады tengrinews.kz.

Кеше билік 911 адамның зардап шеккенін және бір адамның қайтыс болғанын хабарлаған.

"Қазір зардап шеккендер саны 1002-ге жетті, бір адам көз жұмды", - деді Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі.

Оның айтуынша, зардап шеккен 797 адам алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін амбулаториялық жағдайда емделуге жіберілген, ал түрлі жарақат алған 204 адам ауруханаға жатқызылған.

Еске салайық, 5 қазанда Қырғызстанда елдегі парламент сайлауының қорытындысымен келіспеген азаматтар жаппай наразылық білдірді. Митингіге шыққандар президент әкімшілігі және парламент отыратын Ақ үйге басып кірді.