Ауылды жерде тұратын 98,9 миллион тұрғынның табысы кедейлік шегінен асқан
ERNUR.KZ. Қытай кедейлікпен күресте толық жеңіске жетті деп санайды ҚХР Төрағасы Си Цзинь. Оның айтуынша, соңғы сегіз жыл ішінде 100 миллионға жуық адамның табысы кедейлік шегінен асқан, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«Коммунистік партия мен Қытай халқының ортақ күш-жігерінің арқасында біз кедейлікпен күресте толық жеңіске жеттік. Аймақтардағы жоқшылық еңсерілді», - деді Си Цзиньпин.
«Известия» басылымы атап өткендей, кедейлік статусынан 98,9 миллион тұрғын мен 128 мың елдімекен құтылған. Си Цзиньпин бұл оқиғаны тарихи ғажайып және Қытай халқының ұлы даңқы деп атады.