Қытай Қырғызстанға 50 миллион юань қайтарымсыз көмек береді

0
653

Жапаровтың Қытайға ресми сапары 3 ақпанда басталған.


Қытай Қырғызстанға 50 миллион юань қайтарымсыз көмек береді

ERNUR.KZ. Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қытай компартиясының төрағасы Си Цзиньпинмен кездесіп, екі ел арасындағы саяси және сауда-экономикалық қарым-қатынас, инвестиция мен бірлескен жобалар туралы талқылаған, деп жазады azattyq.org.

Екі ел арасындағы әуе қатынасының біртіндеп қайта қалпына келтіру мен ковидке қарсы шараларды сақтай отырып жүк тасымалын да ұлғайту туралы сөз болған. Қытай Қырғызстанға коронавирусқа қарсы бес миллион вакцина мен қауіпсіздік саласына 50 миллион юань (шамамен 7,8 миллион доллар) қайтарымсыз көмек беретін болған.

Жапаров Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан теміржол жобасына қызығушылық танытып, қырғыз-қытай шекарасы арқылы өтетін "жасыл дәліздің" маңызын атап өтті.

Жапаровтың Қытайға ресми сапары 3 ақпанда басталған. Сапар аясында ол Олимпиада ойындарының ашылуына қатысып, жергілікті басылымға сұқбат берген.