Қытайда дрондар мен отшашулар шоуы өртке ұласты

0
115

Аспанға шамамен мыңға жуық дрон көтерілген.


Қытайда дрондар мен отшашулар шоуы өртке ұласты

Фото: видеодан скриншот

ERNUR.KZ. Хунань провинциясындағы Люян өзені маңында дрондар мен отшашулардың қатысуымен ауқымды шоу өтті, деп жазады Skifnews.kz.

Аспанға шамамен мыңға жуық дрон көтеріліп, әсем көрініс жасады.

Алайда отшашудан шыққан ұшқындар құрғақ шөпке түсіп, өрттің шығуына себеп болды.

Өрт сөндірушілер алдын ала дайын болғандықтан, жалын жылдам ауыздықталды.

Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ.