Вакцинациядан бұрын екпеге жазбаша келісім беріп, жанама әсерлер туындаған жағдайда медициналық сақтандыруды рәсімдеу керек.
ERNUR.KZ. Қытайдың шығысындағы Чжэцзян провинциясының Иу және Цзясин қалаларында жергілікті халықты вакциналау науқаны басталды, деп жазады ҚазАқпарат.
Вакцина еріктілерге салынады. 18-ден 59 жасқа дейінгі тұлғалар вакцинация алуға рұқсат етілген.
Вакцинация жоспары екі сатыдан тұрады. Бір дозаның құны –200 юань (шамамен 30 доллар). Вакцинаны жүргізу аралығы 14-тен 28 күнге дейін.
Вакцинациядан бұрын екпеге жазбаша келісім беріп, жанама әсерлер туындаған жағдайда медициналық сақтандыруды рәсімдеу керек.
Ерікті келісім бойынша жағымсыз реакциялардың үш санаты сипатталған: жиі жағымсыз реакциялар, сирек және өте сирек жанама реакциялар. Жиі жағымсыз реакциялар арасында: қатты қызару және ісіну, сондай-ақ дене қызуының қысқа мерзімде жоғарылауы. Сирек жағымсыз реакциялар: қатты қызару және ісіну, қалтырау. Өте сирек кездесетін жағымсыз реакциялардың ішінде жергілікті асептикалық абсцесс, аллергиялық бөртпе, анафилактикалық шок көрсетілген.
Сақтық шараларының ішінде бұрын COVID-19 жұқтырған адамдар, сондай-ақ нуклеин қышқылы немесе антиденелерге тапсырған талдаулар оң нәтиже көрсеткен адамдар вакцинацияға жіберілмейді. Жүкті әйелдерге, бала емізетін аналарға, сондай-ақ вакцинациядан кейін үш айдан кейін балалы болуды жоспарлаған адамдарға вакцинацияны алу кейінге қалдыру ұсынылады.
Чжэцзян провинциясының екі қаласында да коронавирусқа қарсы вакцинаны жеткізуші – Beijing Kexing Zhongwei Biotechnology Co., Ltd компаниясы, олардың препараты клиникалық зерттеулердің үшінші сатысында.