Қытайдағы алау мерекесінде 16 адам күйіп қалды

0
110

Өрт жанғыш сұйықтық құйылған пластик шелектің аударылып кетуінен шыққан.


Қытайдағы алау мерекесінде 16 адам күйіп қалды

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Мерекелік шара кезінде бірнеше адамның үстіндегі киімге от тиіп, оқиға видеоға түсіп қалды, деп жазады baq.kz.

Қытайда алау мерекесі кезінде 16 адам түрлі дәрежеде күйік алды. Жергілікті басылымның мәліметінше, оқиға Юньнань провинциясының Лэфэн елді мекенінде болған.

Өрт жанғыш сұйықтық құйылған пластик шелектің аударылып кетуінен шыққан.

Куәгерлердің бірі оқиға болған сәттің видеосын жариялады. Кадрлардан түнде алаңқайда бір топ адамның алаумен ойнап жүргенін көруге болады. Кенет әлсіз тарсыл естіліп, от тұтанып, айналадағы адамдар жан-жаққа қаша бастаған.

Кейбір адамдар жерге құлап, киімдеріне от тиген. Оқиға орнында болғандар дереу көмекке ұмтылып, жалынды сөндіруге кіріскен.

Салдарынан 16 адам түрлі дәрежеде күйік алды. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Жергілікті биліктің мәліметінше, олардың жағдайы тұрақты.