Қытайдың компаниясы коронавирусқа қарсы вакцинаны тіркеуге өтініш берді

0
517

Халықаралық сынақтың үшінші фазасына 60 мың ерікті қатысып, олардың 40 мыңнан астамына екі инъекциядан салынды.


Қытайдың компаниясы коронавирусқа қарсы вакцинаны тіркеуге өтініш берді

ERNUR.KZ. Қытайдың Sinopharm фармацевтика компаниясы ҚХР-дың азық-түлік пен дәрі-дәрмекті бақылау мемлекеттік басқармасына COVID-19-дың алдын алатын вакцинаны тіркеуге өтініш берді, деп жазады ҚазАқпарат.

Sinopharm жаңа коронавирус инфекциясының алдын алу үшін екі инактивтелген вакцина жасап шығарды. Олар Қытайдан бөлек Перу, Иордания, Мысыр, Аргентина, Біріккен Араб Әмірліктері және басқа да елдерде клиникалық сынақтың үшінші кезеңінен өтіп жатыр.

Халықаралық сынақтың үшінші фазасына 60 мың ерікті қатысып, олардың 40 мыңнан астамына екі инъекциядан салынды.

Sinopharm сынақтың қорытынды кезеңіне қатысты ешқандай мәлімет бермегенімен, Қытай билігі келесі жылдың шілдесінде компанияның екі экспериментті вакцинасын шұғыл жағдайда қолдануға рұқсат берді.



Sinopharm басшылығының айтуынша, вакцина қауіп тобындағы 1 млн адамға салынып үлгерген.


«Шұғыл пайдалануға келер болсақ, біз бір миллионға жуық адамға вакцина ектік, бірақ қауіпті жанама әсері туралы бірде-бір хабар алмадық, тек жеңіл симптом ғана байқалған», - деді Sinopharm бас директоры Лю Цзинчжэнь.


Sinopharm компаниясы 2020 жылдың соңына дейін 100 млн доза вакцина шығаруды, ал келесі жылы өндіріс көлемін 1 млрд дозаға дейін арттыруды жоспарлап отыр.