Қытайдың Шыңжаң провинциясында "соғыс жағдайы" жарияланды

0
1 123

BBC Үрімші қаласында "соғыс жағдайы" жарияланғанын хабарлаған.


Қытайдың Шыңжаң провинциясында

ERNUR.KZ. Қытайдың Қазақстанмен шектесетін Шыңжаң провинциясында карантин жарияланған аймақтар көбейіп жатыр. BBC Үрімші қаласында "соғыс жағдайы" жарияланғанын хабарлаған. Қытай билігі мұны Ковид-19 дерегінің көбеюімен түсіндіруде, деп жазады qamshy.kz.

Дүйсенбіде Қытайдың денсаулық сақтау органдары коронавирустың 68 жаңа жағдайы анықталғанын жариялаған, оның ішінде 57-і Шыңжаңда тіркелген. Бұл аймақта тіркелген жағдайлардың жалпы саны 235-ке жетті.

Қытай ақпараттарына сенсек, бес ай бойы инфекция байқалмаған провинцияда, соңғы екі аптада Үрімші қаласынан бастап, 300 шақырым қашықтықтағы Қашғарға дейін Ковид-19-дың жаңа жағдайлары анықталған.