Дрондар Латвияда өндірілген.
ERNUR.KZ. Латвия Украинаға 500-ден астам дрондардың алғашқы партиясын жіберді, деп жазады inbusiness.kz.
Бұл туралы Латвияның Қорғаныс министрі Андрис Спрудс өзінің әлеуметтік желісінде хабарлады.
"500-ден астам дрондары бар қораптар Украинаға қарай жіберіледі", – деп жазды Спрудс.
Латвияның Премьер-Министрі Эвика Силина бұған дейін Рига жақын арада Киевке Латвияда өндірілген 1 миллион еуро тұратын дрондардың бірінші партиясын жіберетінін, Украинаға дрондармен бірге оларды басқару үшін нұсқаушыларын салып, сол арқылы кейіннен олардың санын көбейте алуға болатынын айтқан.