Мальдив аралдары шілдеде туристер үшін шекараларын ашады

0
778

Елде 24 маусымдағы жағдай бойынша 2268 коронавирус жағдайы тіркелді.


Мальдив аралдары шілдеде туристер үшін шекараларын ашады

ERNUR.KZ. Мальдив аралдары туристер үшін 15 шілдеден бастап ашылады, деп хабарлайды Хабар24.

Халықаралық туристерден COVID-19 тестілеуінің нәтижесі немесе анықтама талап етілмейді. Демалыс орындары қонақтарды қауіпсіздік және гигиена ережелеріне сәйкес қабылдамақ.

Еске салсақ, Мальдив аралдары коронавирустың таралуын тоқтату мақсатында 2020 жылдың наурызында өз шекарасын жауып тастады. Халық саны шамамен 340 мың адамды құрайтын мемлекетте 24 маусымдағы жағдай бойынша 2268 коронавирус жағдайы тіркелді.