Мамандар болашақта смартфондардың жоғалатынын болжады

0
515

Google қаржы директоры Рут Порат шындыққа жанасатын технологиялар көптеген тұрмыстық мәселелерді шешуге мүмкіндік беретінін айтты.


Мамандар болашақта смартфондардың жоғалатынын болжады

ERNUR.KZ. Nokia топ-менеджерлері 2030 жылға қарай 6G жылдам интернет желілерінің пайда болуын болжады, деп жазады Stan.kz.

Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форумда сөйлеген сөзінде Nokia бас директоры Пекка Лундмарк алтыншы буын желілері 2030 жылға қарай коммерциялық нарықта пайда болады деп мәлімдеді. Сондай-ақ кәсіпкер жақын арада смартфон "ең көп таралған интерфейс бола бермейді" деп атап өтті.

Лундмарк он жылдықтың соңында адамзат қарапайым телефондардан бас тартып, ыңғайлы және заманауи құрылғыларға көшеді деп болжап отыр. Nokia басшысы оларға ақылды көзілдіріктер мен пайдаланушылар бетіне кие алатын басқа құрылғылар кіретінін атап өтті.

"Бұл заттардың көпшілігі біздің денемізге тікелей енеді", — дейді Лундмарк.

Сондай-ақ, корпорацияның топ-менеджері 2030 жылға қарай "үлкен есептеу ресурстарын” қажет ететін сандық егіздерді құру технологиясы пайда болады деп болжады.

Сол сессияда сөйлеген сөзінде Google қаржы директоры Рут Порат шындыққа жанасатын технологиялар көптеген тұрмыстық мәселелерді шешуге мүмкіндік беретінін айтты.

"Біз ақылды көзілдіріктің таралуын және көзілдірік экранында мәтінді аудару мүмкіндігі пайда болады деп күтеміз", — деді Порат.