Испанияда футболшы матчтағы ауыр жарақатынан көз жұмды (ВИДЕО)

0
122

​Қайғылы оқиға Испанияның екінші дивизонының 12-туры ойынында болды.


Испанияда футболшы матчтағы ауыр жарақатынан көз жұмды (ВИДЕО)

Фото: Euronews

ERNUR.KZ. Испанияда «Тенерифе» командасының ойыншысы Хесус де Мигель «Андорраның» қақпашысы Хесус Овономен соқтығысып, алған жарақатынан көз жұмды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Матч барысында «Андорра» қақпашысы алаңның ортасында допқа секіремін деп абайсызда қарсыласының кеуде тұсынан тізесімен теуіп жіберген. Соның салдарынан 30 жастағы шабуылшы дереу ауруханаға жеткізілді. Алайда есін жимастан жүрегі тоқтап, көз жұмды

Қайғылы оқиға Испанияның екінші дивизонындағы 12-турда болған. Футболшының көз жұмғанын «Тенерифе» ұжымы ресми түрде хабарлады.

«Тенерифе» футбол клубы 2026 жылдың 3 қарашасы күні сағат 08:00-де Хесус де Мигель Аламеданың көз жұмғанын қайғыра хабарлайды», – делінген ұжымның желідегі жазбасында.