Мариуполь босатылды - РФ қорғаныс министрі Путинге есеп берді

0
578

Ресей әскері мен Донецк ұлттық Республикасы милициясы Мариупольді босатты. "Азовтсаль" комбинатының аумағында 2 мыңнан аса жауынгер бұғатталды.


Мариуполь босатылды - РФ қорғаныс министрі Путинге есеп берді

ERNUR.KZ. Бұл туралы РФ қорғаныс министрі Сергей Шойгу Владимир Путинге берген есебінде айтты, деп жазады stan.kz.

Оның айтуынша, қазір Мариупольде жағдай бірқалыпты, тыныш. Тәртіп орнатып, бейбіт өмірді жалғастыруға мүмкіндік бар. Путин жауынгерлер бұғатт алған аймаққа шабуыл жасауды тоқтатуға бұйрық берді.

"Өнеркәсіптік аймақты айналасынан шыбын ұшпайтындай етіп бұғаттаңыздар", - деп бұйырды РФ президенті.

Сондай-ақ, Путин Мариупольдің босатылуын "табысқа" теңеп, қорғаныс министрін құттықтады.

"Сізді құттықтаймын. Әскерге де құттықтай сөздерін жеткізіңіз. Көзге түскен жауынгерлерді мемлекеттік наградаға ұсыныңыз", - деді Владимир Путин.