Мәскеу соты Алексей Навальныйды тоғыз жылға бас бостандығынан айырды

0
1 077

Саясаткер жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді.


Мәскеу соты Алексей Навальныйды тоғыз жылға бас бостандығынан айырды

ERNUR.KZ Мәскеудегі Лефортовский соты оппозиционер Алексей Навальныйды тоғыз жылға бас бостандығынан айырды және 1,2 млн рубль айыппұл салды, деп жазады Stan.kz

Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы Навальныйды 13 жылға соттауды және 1,2 млн рубль айыппұл салуды сұраған еді.

Саясаткер жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді. Навальныйға "Жемқорлықпен күрес қорына" аударылған ақшаны өз қажетіне жұмсады және осыған дейінгі соттарда судья, прокурорға жала жапты деген айыптар тағылды. Навальныйға үкім шыққан соң оның адвокаттары да ұсталып, кейін босатылды.

Amnesty International ұйымы сот үкімін "адам құқықтарын өрескел бұзу" деп бағалады.

Алексей Навальный – Ресей президенті Путинді ашық сынап жүрген оппозициясының лидері. Оның "Жемқорлықпен күрес қоры" Путин мен Путиннің айналасындағы шенділердің коррупцияға қатысы бары жайлы зерттеулер жариялаған.