Мәскеуде коронавирустан көз жұмғандар саны жеті мыңнан асты

0
472

Бір тәулікте шаһарда 68 науқас көз жұмған.


Мәскеуде коронавирустан көз жұмғандар саны жеті мыңнан асты

ERNUR.KZ. Ресей астанасында коронавирус құрбандарының саны 7 мыңнан асты. Бұл туралы Мәскеу қаласы бойынша коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штаб хабарлады, деп жазады 24.kz.

Дерекке сәйкес, бір тәулікте шаһарда 68 науқас көз жұмған. Ал оның алдын бұл көрсеткіш 63 адамнан тұрған. Айта кетейік, бүгінде Ресейде вирус жұқтырғандардың саны бір миллион 673 мыңнан асады.

Олардың 440 мыңға жуығы Мәскеуде анықталған. 28 мың кісі қайтыс болды.