Бұған дейін Владимир Жириновскийдің қайтыс болғаны туралы ақпарат тараған болатын.
ERNUR.KZ. РФ Мемлекеттік думасының төрағасы Вячеслав Володин Владимир Жириновскийдің өлімін жоққа шығарды, деп жазады sputnik.kz.
"Владимир Вольфовичтің денсаулығы үшін алаңдап жатқандарды жұбатқым келіп отыр. Ол кісі тірі. Жағдайы, шынымен де, ауыр. Бүгін оған КТ жасаған. Біз ол үшін алаңдап отырмыз. Дәрігерлер барын салып, күресіп жатыр. Тезірек сауығып кетуін тілейік", - деп жазды Володин телеграм-парақшасында.
Ресейдің денсаулық сақтау министрлігі хабарлағандай, Жириновскийдің жағдайы тұрақты ауыр деп бағалануда. Дәрігерлер оған қажетті медициналық көмек көрсетіп жатыр.
Бұған дейін Ресейдің либералды-демократиялық партиясының төрағасы Владимир Жириновскийдің қайтыс болғаны туралы ақпарат тараған болатын.
Айта кетері, ресейлік саясаткер Владимир Жириноский ақпан айының басында ауруханаға екіжақты пневмониямен түсті. Дертті коронавирустың омикрон штамы қоздырып жіберген.