Алғашқы дене шынықтыру шарасына 200 әйел қатысқан.
ERNUR.KZ. Министрлік пен мемлекеттік мекемелерді жүйелі түрде спортпен айналысуға шақырамыз. Осылай деп Ташкент әкімдігі Facebook арқылы үндеді, деп жазады centralasian.org/a.
Алғашқы дене шынықтыру шарасы 25 қыркүйекте таңертең «Миллий бог» саябағында өткен. Оған 200 әйел қатысқан. Мұнан бөлек «Халықтар достығы» сарайында 100-ден астам адам таңертеңгілік жаттығу жасаған.
"Ташкент қалалық әкімдігі мен спорт және мәдениет басқармасы барлық министрлік пен мемлекеттік мекемелерді аптасына бір рет "15 минөт дене тәрбиесіне" шақырады", – делінген желіде жариялаған хабарламада.
Аталған акция арқылы мемлекеттік қызметкерлердің рухын көтереміз деп санайды Ташкент әкімдігі.