Microsoft компаниясының құрылтайшысы Пол Аллен 65 жасында дүниеден озды.
ERNUR.KZ. Пол Аллен Сиэтлиде дүйсенбіден сейсенбіге қараған түні ходжкиндік емес лимфомасы асқынуы салдарынан көз жұмған. Бұл туралы ria.ru сайты хабарлайды, деп жазады Baq.kz.
Microsoft компаниясының құрылтайшысы Пол Аллен 65 жасында дүниеден озды.
«Компаниямыздың құрылтайшысы Пол Аллен қайтыс болғанын қайғыра хабарлаймыз», - делінген хабарламада.
Ол 16 қазан күні түні ходжкиндік емес лимфомасы асқынуы салдарынан көз жұмған.
Америкалық кәсіпкер Пол Аллен 1975 жылы Билл Гейтспен бірігіп, Microsoft компаниясын құрған. Ол – бағдарламалық қамсыздандыру өндірісінің және сервер мен жеке компьютерлер үшін интернет технологияларды құруы мен қызметін көрсететін АҚШ-та тіркелген көпұлтаралық компания.
2018 жылы Аллен 20,5 миллиард доллар байлығымен Forbes журналында 44-орын алған.