Милиция бөлімшесінде өлтірілген бойжеткен: сот үкімі оқылды

0
1 096

Айыптау тарапы милиционерлерді бес жылға бас бостандығынан айыруды сұраған


Милиция бөлімшесінде өлтірілген бойжеткен: сот үкімі оқылды

ERNUR.KZ. Қырғызстанда 9 сәуірде Аладумун аудандық соты милиция бөлімшесінде өлтірілген Бурулай Турдаалыкызының қазасына байланысты сотқа тартылған Чуй аудандық милиция бөлімшесінің қызметкерлеріне үкім оқыды, деп жазады Азаттық.

Кезекші Ильич Иманалиевке, күзетші Мирлан Макеев және тергеуші Эржан Кадышевке бас бостандығынан айырудан басқа жаза кесілді. Сот олардың әрқайсысына 260 мың сом (3500 доллар) айыппұл төлеуді міндеттеді. Бұған қоса қаза тапқан қыздың әкесі Турдаалы Кожоналиевке барлығы 100 мың сом (1400 доллар) төлеуі тиіс.

Сот екі инспекторды – Замир Айткожоев пен Замир Байтерековті жапа шеккендердің айыпты қолдаудан бас тартуына байланысты ақтады. Іс бойынша жалпы бес адам айыпталған. Олардың үстінен қылмыстық кодексінің салақтық бабы бойынша іс қозғалған.

Айыптау тарапы милиционерлерді бес жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді.

2018 жылы 27 мамырда Шу облысының Жайыл аудандық ішкі істер бөлімінде 20 жастағы студент Бурулай Турдаалыкызы қаза тапқан. Тергеу оны Марс Бодошев өлтірген деп тұжырым жасаған. Жігіт қызға үйленбек болып, оны алып қашқан. Милиция бөлімінде қызды пышақтап, өзін де жарақаттаған. Сотта Бодошов қызды алып қашқанын мойындаған, бірақ оны өлтірді деген айыпты жоққа шығарған.

Бұл оқиға Қырғызстан қоғамында резонанс тудырып, президент Сооронбай Жээнбеков үкіметке істің әділ тергелуін тапсырған.

11 желтоқсанда Бішкек қаласының Свердловск аудандық соты 11 желтоқсанда Марс Бодошевты Бурулай Турдаалыкызын алып қашып, оны милиция бөлімінде өлтірді деп айыптап, 20 жылға соттаған.

Судья Марс Бодошевтың кінәлі екендігі толық дәлелденгенін айтып, жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеу туралы үкім кескен. Бодошевтың серігі Акмат Сейитов 7 жылға сотталды.