ММА жаттықтырушысы мен үш бала көлікпен бірге суға батып кете жаздады

0
443

Жаттықтырушы мен бір бала өздігінен шыққан. Бірақ екі кішісі көліктің ішінде қалып қойды.


ММА жаттықтырушысы мен үш бала көлікпен бірге суға батып кете жаздады

ERNUR.KZ. Дағыстанда "Приора" көлігін тізгіндеген жаттықтырушы мен балалар суға батып кете жаздады. Оларды уақытында шығарып үлгергенімен, екеуі жансақтау бөлімінде жатыр, деп жазады stan.kz.

Көлікті ММА жаттықтырушысы басқарған. Ішінде оның үш шәкірті болған. Алдын ала болжам бойынша, жүргізуші тізгінге ие бола алмай, Priora суға түсіп кеткен. Жаттықтырушы мен бір бала өздігінен шыққан. Бірақ екі кішісі көліктің ішінде қалып қойды.

Маңайда жүрген адамдар көмекке келіп, ес-түссіз жатқан балаларды құтқарып қалды. Зардап шеккендер жансақтау бөлімінде жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбе облысында олимпиадаға бара жатқан мұғалім мен оқушылар жол апатынан көз жұмғанын хабарлаған болатынбыз.