Моңғолияда қарлы дауыл туралы ескерту жарияланды

0
182

Желдің жылдамдығы 14-16 м/с дейін күшейеді деп болжанып отыр.


Моңғолияда қарлы дауыл туралы ескерту жарияланды

Фото: Мухтор Холдорбеков/ Kazinform

ERNUR.KZ. Моңғолияның Метеорология және қоршаған ортаны бақылау институты сейсенбі күні қарлы боран туралы ескерту жариялады, деп жазады inform.kz.

Синоптиктердің болжамынша, 8 қазанға қараған түннен бастап батыс, орталық және Гоби аймақтарында, 9 қазанда елдің шығыс облыстарында қарлы боран соғып, кейіннен Моңғолия аумағының басым бөлігінде қар жауады.

Желдің жылдамдығы 14-16 м/с дейін күшейеді деп болжанып отыр.

Метеорология және қоршаған ортаны бақылау институты қарлы боранға және ауылдық жерлерде жолдың көрінбеуіне Ұлан-Батор тұрғындарын аймақтарға сапарға шықпауға, ал моңғол көшпелі малшыларын жайылымдық жерлерде мал бағуда қырағы және сақ болуға шақырды.

Айта кетерлігі, Қазақстан асыл тұқымды қойларды Моңғолияға экспорттайды.