Мумбай коронавирустың жаңа ошағына айналып барады

0
755

Үндістан билігі шілденің соңына дейін науқастар саны жарты миллионға дейін жетуі мүмкін екенін айтады.


Мумбай коронавирустың жаңа ошағына айналып барады

ERNUR.KZ. Әлемде коронавирусты жұқтырғандар саны 7 миллион 300 мыңнан асып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дерт әсіресе Бразилия, АҚШ пен Үндістанда дендеп барады.

Үнді елінде расталған оқиғалардың саны 277 мыңға жуықтайды. Олардың көбі атап айтқанда, 50 мыңнан астамы, жергілікті қаржы орталығы саналатын Мумбайда тіркелген. Қазір мемлекет қауіпті вирусты жұқтырғандар саны бойынша антирейтингте алтыншы орында тұр.

Алғашқы бестікке АҚШ, Бразилия, Ресей, Ұлыбритания мен Испания кіреді. Үндістан билігі шілденің соңына дейін науқастар саны жарты миллионға дейін жетуі мүмкін депгенболжам жасады.