30 метр биіктікке көтерілген жалын мен көк түтін бірнеше шақырым жерден көрінді
ERNUR.KZ. Канаданың Нью-Брансуик провинциясындағы ірі мұнай өңдеу зауытында жойқын жарылыс болды, деп жазады 24.kz.
Ақпарат көздерінің хабарлауынша, оқиғадан 5 адам жарақат алды. Қазір жергілікті ауруханалар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.
Жарылысты жақын маңда орналасқан Сент-Джон қаласының тұрғындары да сезінді.
30 метр биіктікке көтерілген жалын мен көк түтін бірнеше шақырым жерден көрінді. Өрт сөндірушілер тілсіз жаумен бір күн бойы күресті. Әзірше жарылыстың себебі белгісіз. Тергеу ісі басталды.