Нигерияда маймыл шешегін жұқтырған адам көз жұмды

0
564

​Бұл әдетте жеңіл ауру және көп адам бірнеше апта ішінде жазылып шығады.


Нигерияда маймыл шешегін жұқтырған адам көз жұмды

ERNUR.KZ. Нигерияда маймыл шешегін жұқтырған пациент көз жұмды, бұл тіркеліп отырған алғашқы жағдай. Бұл елде барлығы 21 адам ауырды деп хабарлайды аурудың алдын алу және бақылаудың жергілікті орталығы (NCDC). Марқұм 40 жаста болған оның иммунды түсіретін дәрілер қабылдағаны белгілі, деп жазады sputnik.kz.

"29 мамырдағы мәліметтерге сәйкес, 21 жағдай расталды. Қайтыс болған пациенттің өзге де сырқаты болған", - делінген сайттағы ақпаратта.
Маймыл шешегі – адамдар арасында да таралуы мүмкін сирек кездесетін вирусты инфекция. Бұл әдетте жеңіл ауру және көп адам бірнеше апта ішінде жазылып шығады. Бірақ кейбіреулерде ауру асқынуы мүмкін. Маймыл шешегінің алғашқы белгісі ретінде безгек, бас ауруы, бұлшықет ауруы, арқадағы ауырсыну, лимфа түйіндерінің ісінуі, қалтырау және жүдеуді айтуға болады.
Көп жағдайда алдымен бетте пайда болып, кейіннен дененің басқа бөлігіне таралатын бөртпе туындауы ықтимал. Бөртпенің түрі өзгеріп, ол ақырында өздігінен түсетін қабыршаққа айналады.