Норвегияда халықты жаппай вакциналау науқаны 27 желтоқсанда басталды.
иллюстрациялық фото
Норвегияда 23 адам Pfizer/BioNTech вакцинасын қабылдағаннан кейін қайтыс болды. Бұл туралы Норвегияның дәрі-дәрмек жөніндегі агенттігі хабарлады, деп жазады 24.kz.
Ақпаратқа сәйкес, бақилық болғандардың барлығы 80-нен асқан адамдар. Бәрінде созылмалы ауруы бар болған көрінеді.
Ұлттық денсаулық сақтау институты енді егде жастағылардың екпе қабылдау тәртібіне өзгеріс енгізді.
Айта кетейік, Норвегияда халықты жаппай вакциналау науқаны 27 желтоқсанда басталды. Pfizer/BioNTech өнімін бірінші болып қарттар үйінің тұрғындары қабылдады.